19 мамыр 2015 10:05

Қазақстанда электр қуаты үшін төлем жасау шотын ұялы телефонға жіберетін жүйе пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.e-generator.ru © news.e-generator.ru

Шығыс Қазақстан тұрғындары электр қуаты үшін төлем жөніндегі шотты енді ұялы телефон арқылы ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызміне сілтеме жасап. Мұндай мүмкіндікті "Шығысэнерготрейд" ЖШС ұсынып отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, электр қуатын тұтынушылар төлем жөнінде шотты ғана алып қоймай, берешек жөнінде ақпаратқа SMS жіберу арқылы қол жеткізеді.

"2015 жылдың мамыр айынан бастап шығысқазақстандықтар үшін жаңа қызмет әрекет етеді - тұтынылған электр қуаты үшін ай сайынғы есептеу туралы шотты ұялы телефон арқылы алуға болады. Тұтынушыға төлем сомасы көрсетілген SMS жіберіледі. Қызмет құны - 30 теңге. Қызмет нөлдік теңгеріммен де қолжетімді. Электр энергиясы үшін түскен төлемнен автоматты түрде ақшалай қаражат есептен шығарылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, электр қуаты үшін берешек туралы ақпаратты SMS арқылы жедел түрде алуға болады. Ол үшін 3310 қысқа нөміріне жеке шотты SMS арқылы жолдау қажет. Қызмет құны - 30 теңге. Қызмет ақысы ұялы телефоннан ұсталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети