12 сәуір 2022 | 16:50

Қазақстанда электр самокаттарына арналған ережелер мен стандарттар әзірленеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда электросамокаттар жұмысының бірыңғай ережелері белгіленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда электросамокаттар жұмысының бірыңғай ережелері белгіленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану мәселесі маңызды екенін атап өтті.

"Скутер мен мопед жүргізушілері жол ережесін бұзады, шлемсіз жүреді. Біз оларды балаларға сатып аламыз. Бұл тәуекел екенін түсіну керек. Олардың ойыншық емес, көлік құралы екенін түсінуіміз керек. Өткен жылы ғана 68 жол апаты болды", - деді ол.

ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Арман Айтбеков электросамокаттар тек қазақстандық қана емес, жалпы әлемдік проблема екенін айтты.

"Қазіргі уақытта электросамокат түрлерінің қандай да бір жіктемесі жоқ, өйткені оларды бірқатар іргелі техникалық айырмашылықтар мен пайдалану ерекшеліктеріне байланысты скутер немесе мопед сияқты белгілі бір типке жатқызу мүмкін емес", - деп атап өтті Айтбеков.

Жіктеудің және құрылғыларға қойылатын талаптардың болмауы реттеудің қажетті әдістерін, нарықтағы айналым, пайдалануға беру ережелерін және қауіпсіздік талаптарын заңнамалық түрде белгілеуге мүмкіндік бермейді, деп атап өтті ол.

"Сауда министрлігі осы типтегі тиісті ұлттық стандарттарды әзірлеу мәселесін пысықтап жатыр. Біз бұл құрылғыны бірқатар себептерге байланысты көлік құралына жатқыза алмаймыз. Біріншіден, оның тежегіш жүйесі, бұрылыс сигналдары, фаралары және т.б. жоқ. Сондықтан біз оларға бірыңғай стандартты ережелерді жасаймыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети