Қазақстанда ең жоғарғы күнкөріс деңгейі қай өңірде?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ең жоғарғы күнкөріс деңгейі қай өңірде? © Tengrinews.kz

Ranking.kz аналитикалық қызметінің мамандары ең жоғарғы күнкөріс деңгейі қай өңірде екенін жариялады. Қазақстанда қыркүйек айында орта есеппен алғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 23191 теңгені құраған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ranking.kz аналитикалық қызметінің мамандары ең жоғарғы күнкөріс деңгейі қай өңірде екенін жариялады. Қазақстанда қыркүйек айында орта есеппен алғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 23191 теңгені құраған.

Олардың мәліметінше, айлық орта есептік көрсеткіштің көп жұмсалатын тауар түрі, ол ет пен балық өнімдері - 19,6 пайызды құрайды. Ары қарай сүт өнімдері - 16 пайыз. Орта есеппен алғанда әрбір қазақстандық 74 келі ет пен ет өнімдерін қолданады екен. Ең көп қолданылатын зат - ол сүт және сүт өнімдері, орта есеппен алғанда 234 келіні құрайды.

"Ең жоғарғы күнкөріс деңгейі - 28 785 теңге - Маңғыстау облысы. 2015 жылдың соңымен салыстырғанда 117 пайызға өскен. Осыдан кейін Астана мен Алматы, олардың күнкөріс деңгейі 27 435 теңге және 25 858 теңге. Астананың көрсеткіші 2015 жылдың соңымен салыстырғанда 121,4 пайызға өскен", - осындай мәліметтер келтіреді сарапшылар. Олардың айтуынша, Шығыс Қазақстан, Атырау және Алматы облыстарында ең төменгі күнкөріс деңгейі 23422 теңгені құраған.

 

Өз кезегінде Қазақстан бойынша ең төменгі күнкөріс мөлшері Жамбыл облысында (20 581 теңге) байқалған. Көрсеткіші ең жоғары нәтиже көрсеткен - Солтүстік Қазақстан облысы, онда 122,3 пайызға өскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети