08 маусым 2022 12:23

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Finprom.kz сайты.


Қазақстанда бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Finprom.kz сайты.

Басылымның мәліметінше, 2021 жылы орташа айлық жалақы 250 мың теңге болған. Алайда мамандығы мен лауазымына байланысты бұл көрсеткіш өзгеріп отырады.

Басшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы шамамен 448 мың теңгеге жеткен, ал ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 146 мың теңгеге жетпейді.

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы биылдың бірінші тоқсанында 285,4 мың теңгеге жетіп, жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 12,7 пайызға өскен.

Жалпы алғанда, 2021 жылға қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 250,3 мың теңгені құраған.

Өңірлер бойынша алатын болсақ, Солтүстік Қазақстан облысында орташа жалақы 187,5 мың теңге, Атырау облысында 406,2 мың теңгеге дейін жетті. Жоғары жалақы Маңғыстау облысы мен (349,5 мың теңге) және елордада (344,7 мың теңге) байқалады.

2021 жылы ең жоғары айлық жалақы басшылар мен мемлекеттік қызметшілерде болған: 447,8 мың теңге. Олардан кейін кәсіби мамандар (291,9 мың теңге), сондай-ақ, өндірістік құрал-жабдықтардың операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер (263,1 мың теңге).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети