Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылы Қазақстандағы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып белгіленген.
Бүгін Мәжілісте 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып жатыр. Құжатқа берілген қорытындыда депутаттар ЕТЖ мөлшерін көтеруді ұсынған.

"Әлеуметтік-мәдени даму комитеті (Мәжіліс жанындағы – еск.) ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеріп, қайта қарау қажет деп санайды", - делінген құжатта.

Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - бұл заңмен белгіленген айлық ең аз еңбек ақысы, яғни жұмыс беруші толық айлық жұмыс үшін қызметкерге осы мөлшерден аз төлемеуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети