Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі артты - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі артты - зерттеу Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Биыл Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 13 пайызға артып, 32 мың теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында ең жоғары - 37 мың теңге, ең төмені - Батыс Қазақстан облысында - 29 мың теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 13 пайызға артып, 32 мың теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында ең жоғары - 37 мың теңге, ең төмені - Батыс Қазақстан облысында - 29 мың теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мамыр айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 32,1 мың теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (28,3 мың теңге) 13,4 пайызға артық. Ал тұтыну бағаларының индексі - 6,7 пайыз.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында азық-түлік тауарлары - 17,7 мың теңге, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер - 14,5 мың теңгені алды.

13 жасқа дейінгі балаларға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 мың теңге, 14-17 жастағы ұлдарға - 40,5 мың теңге, 14-17 жастағы қыздарға - 31,1 мың теңгені көрсетті.

Еңбекке қабілетті халық үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі: ерлер үшін - 38,1 мың теңге, әйелдер үшін - 30,3 мың теңге. Зейнеткерлер мен қарттар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 30 мың теңгеге жетті.

2020 жылдың мамырында ең жоғары күнкөріс деңгейі дәстүрлі түрде Маңғыстау облысында тіркелді: 37,3 мың теңге - орташа республикалық деңгейден 16,2 пайызға артық. Нұр-Сұлтан мен Алматыда ең төменгі жалақы 37,2 мың және 35,8 мың теңге, бұл ҚР бойынша салыстырғанда орташа есеппен 15,7 пайызға және 11,5 пайызға артық. Сондай-ақ, ТОП-5 аймаққа Алматы (32,7 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (32 мың теңге) облыстары кірді.

Жалпы ел бойынша тек төрт өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен асады.

Қазақстан бойынша күнкөріс деңгейі ең төмен - Батыс Қазақстан (28,7 мың теңге), Ақтөбе (28,7 мың теңге) және Павлодар (28,8 мың теңге) облыстарында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети