09 шілде 2018 12:41

Қазақстанда ер адамдар әйелдерге қарағанда уақытын тиімді өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандықтардың уақытты қалай өткізетіні жайлы зерттеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандықтардың уақытты қалай өткізетіні жайлы зерттеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылғы 2 сәуірден бастап 10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті кезеңділігі 5 жылда бір рет өткізілетін "Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы" біржолғы модульдік зерттеуін өткізді. Зерттеуге 10 және одан жоғары жастағы 32 301 респондент қатысты.

Зерттеу қорындылары бойынша қазақстандықтардың 53,6 пайызы орташа тәуліктік уақыты немесе 12 сағат 50 минуты жеке күтімге (9 сағат 13 минут - ұйқыға, 2 сағат 4 минут - ас және сусынға, 1 сағат 27 минут - жеке гигиена және өзін-өзі күтуге және т.б.), 2 сағат 59 минут (12,4 пайызы) - жұмысқа (жұмыспен қамтуға), 2 сағат 57 минут (12,3 пайыз) - үй шаруашылығын жүргізуге, 52 минут (3,5 пайыз) - оқуға, 18 минут (1,2 пайыз) - меншікті пайдалану үшін тауарларды өндіруге, ал қалған 4 сағат 4 минут (17,0 пайыз) - бос уақытқа келеді.   

15 және одан жоғары жастағы ер адамдар бір күнде орта есеппен жұмысқа 5 сағат 29 минут уақытын жұмсайды, әйелдер үшін бұл көрсеткіш 4 сағат 34 минутты құрайды, алайда әйелдер (4 сағат 14 минут) үй шаруашылығын жүргізуге ер адамдарға (1 сағат 28 минут) қарағанда көп уақыт жұмсайды. Ерлерде (4 сағат 6 минут) бос уақыт әйелдерге (2 сағат 45 минут) қарағанда шамамен 2 есеге артық.   

Жұмыс күні жұмыспен қамтылған ерлер жұмысқа орта есеппен 9 сағат 1 минут жұмсайды, әйелдер - 7 сағат 53 минут, бос уақытқа тиісінше 2 сағат 35 минут және 1 сағат 44 минут қалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети