Қазақстан Республикасының бас прокуроры Жақып Асанов елімізде сексуалдық сипаттағы қылмыстар бойынша істі әйел прокурорларға беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының бас прокуроры Жақып Асанов елімізде сексуалдық сипаттағы қылмыстар бойынша істі әйел прокурорларға беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Асанов құқық қорғау органдарының ел аймақтарында зорлық және педофилия бойынша мағлұматы аз екенін айтып өтті.
"Біз мұнда отырмыз, оқиға орындарында не болып жатқанын білмейміз. ІІМ де білмейді. ІІД-нің немесе облыстық прокуратураның бірде-бір адамы хабарласып, бұл проблема жайлы бізге айтпайды. Жәбірленушілерге қалай қорғау керек екені жайлы нұсқаулық жасаңыздар. Бірінші кезекте қылмыстың осы түрін болдырмау үшін күш біріктірейік, кейін болашақта үлкен жұмыс атқарамыз. Адамдарға құқығын қалай қорғау керек екені жөнінде көмектесу керек. Осындай әрбір іс бойынша процесстік әйел прокурорды тағайындайық", - деді бас прокурор ведомство алқасының отырысында.
"Бізде әйелдер көп. Болмаса, жұмысқа қабылдау керек. Бұл шұғыл жасалуы тиіс іс, оны жылдам жасай аламыз. Артық ақылдың да, күштің де қажеті жоқ. Облыс прокурорлары, сіздерге айтып отырмын. Сіздерге мерзім беремін - бір апта ішінде осындай әрбір қылмыс бойынша мұндай істерді ер адамдарға беруді тоқтатыңыздар", - деді Асанов.