Қазақстанда ересектер мен балалар арасында қанша адам темекі шегеді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ересектер мен балалар арасында қанша адам темекі шегеді? Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов©

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қанша адам темекі шегетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қанша адам темекі шегетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сауалына жауап ретінде ведомство 2019 жылғы GATS темекіні тұтыну туралы ересек тұрғындардың жаһандық сауалнамасы деректеріне сілтеме жасаған.

"Ересек халықтың 21,5 пайызы – 2,8 миллион ересек адам, оның ішінде ерлердің 38,3 пайызы және әйелдердің 6,4 пайызы қазіргі уақытта темекі шегеді. Темекі, түтінсіз немесе қыздырылатын темекі бұйымдары", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы шылым шегу статистикасы туралы мәлімет берілген.

2018 жылғы HBSC мектеп оқушыларының денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты мінез-құлқын зерттеу жөніндегі Ұлттық зерттеу мәліметі бойынша, өмірінің бір кезеңінде темекі шеккен жасөспірімдердің үлесі 11 жастан 15 жасқа дейін үш есе артады.

"Ұлдар арасында 3-тен 10 пайызға дейін, ал қыздарда 2-ден 6 пайызға дейін. Олар есейген сайын 13 және 15 жаста электрон темекіні пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі айтарлықтай артады. 15 жаста ұлдардың 14 пайызы, қыздардың 6 пайызы 1-2 күн немесе өмір бойы электрон темекі шегеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети