07 желтоқсан 2022 | 14:14

Қазақстанда ереуілдер ұйымдастыру тәртібі жеңілдетіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мәжіліс депутаттары еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін жеңілдететін заң жобасын қарап, мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін жеңілдететін заң жобасын қарап, мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Екатерина Смышляева мұндай заң жобасын әзірлеу қажеттілігі жыл басынан бері елімізде өткізіліп жатқан жұмысшылардың акциясы мен ереуіл санының артуына байланысты туындағанын атап өтті. Оның айтуынша, оқиғалардың басым бөлігі келіссөздер кезеңінсіз болады, соның салдарынан олардың бәрі заңсыз деп танылып, жұмысшылардың мәселесі шешілмейді.

"Заң жобасы жұмыс берушінің жиналыстар өткізуге арналған үй-жайларды беру міндетін белгілейді. Оларды ұйымдастыру оңайырақ және қолжетімді болады. Ереуіл өткізу туралы шешім 2/3 емес, жай көпшілік дауыспен қабылдануы мүмкін, бұл ретте конференция кворумы да азаяды. "Сағаттық ескерту ереуілі" ұғымы енгізіліп жатыр", - деді Екатерина Смышляева ереуілдерді ұйымдастыру рәсімін жеңілдетуді көздейтін нормалар туралы айтып.

Депутат егер кәсіпорында бір мезгілде кәсіподақ пен жұмысшының сайланған өкілі болса, ереуіл туралы шешім қабылдайтын бірыңғай орган құрылатынын қосты. Заң жобасында еңбек арбитражының құрамына үшжақты комиссия өкілдерін енгізу де қарастырылған, бұл мекеменің жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымдарындағы наразылықтың күшеюі туралы ашық айтуға шақырып, жұмысшылардың заңды мүддесін сақтауды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети