Қазақстанда есепшілер бюджеттен 2,8 миллиард теңгені жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда есепшілер бюджеттен 2,8 миллиард теңгені жымқырған Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысының прокуратурасы 2,8 миллиард теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының прокуратурасы 2,8 миллиард теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында көптеген заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыруды анықтаған.

"Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.

Осы факт бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша тіркеліп, тергеуді Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Бүгінде прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 миллион теңге қайтарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети