Қазақстанда ескі банкноттарды айырбастау мерзімі алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ескі банкноттарды айырбастау мерзімі алып тасталды Фото: © Tengrinews.kz

Қазақстанда Ұлттық банк теңгенің ескі банкноттарын, оның ішінде 2006 жылғы "қол" бейнеленген үлгіні айырбастауға шекті мерзімді алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Ұлттық банк теңгенің ескі банкноттарын, оның ішінде 2006 жылғы "қол" бейнеленген үлгіні айырбастауға шекті мерзімді алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі бұл шешім азаматтар өтініші мен депутаттар сауалы арқасында қабылданғанын айтты. Сондай-ақ, ескі банкноттарды мерзімсіз айырбастау АҚШ, Англия, Германия, Дания, Австралия, Швейцария, Норвегияда енгізілген.

"Жаңа дизайндағы банкнот шыққан кезде 12 ай қатар айналым кезеңін белгілеу ұсынылады. Бұл ескі дизайндағы банкноталарды жоспарлы түрде айналымнан шығару және жаңа дизайн үшін кассалық техниканы баптауға қажет.

Көрсетілген мерзімнен кейін екінші деңгейдегі банктер үшін ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақшаға айырбастау кезеңі 3 жыл, ал Ұлттық банк бөлімшелері үшін - мерзімсіз болып белгіленсін", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда 2006 жылғы "қол" бейнеленген банкноттарды қабылдау тоқтатылғаны хабарланған еді. Оларды 3 наурызға дейін айырбастау қажет болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети