Қазақстанда ет жеуден жарыс өтті

viewings icon 5984 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Айдос Қосубаев © Айдос Қосубаев

Қазақстанда ет жеуден жарыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Байқау Ұлытауда "Көкмайса-2018" бірінші этнофестивалі аясында болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ет жеуден жарыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Байқау Ұлытауда "Көкмайса-2018" бірінші этнофестивалі аясында болды.

Жарысқа бес адам қатысты, олар еліміздің әр өңірінен - Маңғыстау, Шымкент, Жезқазған және Ұлытау. Қатысушылар бес минуттың ішінде табақтағы қойдың етін тауысуға міндеттелді.

Жарыстың жеңімпазы - 25 жастағы жезқазғандық жігіт Бекзат Жармағамбет. Жарыстағы бірінші орыны үшін ол 30 мың теңге, екінші орындағы ұлытаулық қатысушы 20 мың теңге алды, ал үшінші орын шымкенттік қонаққа бұйырды.


Ет жеуден чемпион Бекзат Жармағамбет, Жезқазған. © Айдос Қосубаев

Осыдан кейін қымыз ішуден жарыс өтті. Жарыстың бұл түрінде бірінші орынды Қарағанды облысы Ұлытау ауданының тұрғыны Алмас Бимағамбет иеленді. Ол тоқтамай 4,3 литр қымыз ішті.

"Көкмайса-2018" этнофестивалі тұңғыш рет Ұлытауда 6-9 мамыр аралығында өтті. Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың бастамасын қолдаған жергілікті әкімдіктің қолдауымен өткен фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген 1500-2000 жуық адам қатысып, үш-төрт күн бойы көшпенді халық ғұрпымен танысып, ыстық суығын бастан кешірді. Осы шараға қонақ болып келгендер қатарында Мұрат Әбенов, Жәния Әубәкірова, Мұхтар Тайжан сынды танымал адамдар болды. Фестивальдің бірінші күнінде келген қонақтар жергілікті халықтың тіккен киіз үйлерінде, өздерімен алып келген шатырларында, автокемперлерде қоныстанды.

Көрмеге қойылған қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысқан жұрт, қазақтың жат болып бара жатқан ұлттық ойындарын (Мешкейлер жарысы, Қымыз ішу жарысы, Қатын күрес) тамашалап қана қоймай, өздері де қатысып, жүлделі орын үшін таласты. Этнофестиваль қонақтары Ұлытау жеріндегі Ер Едіге би мен Тоқтамыс ханның жерленген тау шыңына шығып, Алашахан, Жошыхан және Домбауыл кесенелерін аралады.

 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
10°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю