08 сәуір 2015 | 15:05

Қазақстанда ғарыш жобаларына 1,5 миллиард доллар жұмсалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© picc.it © picc.it

Қазақстанда соңғы 10 жылдың ішінде ғарыш жобаларына бір жарым миллиард доллар жұмсалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті бүгін Қазақстан мен Француз үкіметтері арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімді талқылау барасында Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов келтірді.

Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс отырысындағы осы құжатты талқылау кезінде депутат Өмірзақов аэроғарыш комитетінің басшысы Талғат Мұсабаевқа бюджет қаражатының тиімді қолданылып жатқанына күмәнді екенін айтты. "Соңғы 10 жылда Қазақстанда ғарыш жобаларына 1,5 миллиард доллар жұмсалған. "Бәйтерек", "Ишим", "KazSat -1" жобалары ешкімге пайда әкелместен жабылды. Ал "KazSat-2" жобасында бағдарға қатысты проблемалар бар. Айтыңызшы, өтініш, шетелдегілермен салыстырғанда біздің аппараттар қанша тұрады?", - деді депутат аэроғарыш комитетінің басшысына.

"Мен таңғалып тұрмын, сізге мұндай мәлімет қайдан келген? Бұл жалпы қызметтік қолданысқа ғана арналған", - деп таңғалды қойылған сұраққа Талғат Мұсабаев.

Оның айтуынша, біздің аппараттар баға коэффициенті мен сапа жағынан шетелде сатылатындардан әлдеқайда жақсы. "Мысалы, бүгінгі таңда жарнамасы жер жарған Араб Әмірліктері. Араб Әмірліктері сатып алайын деп отырған Жерді қашықтан зондтау жүйесі - 0,6 қабілеті бар бір аппаратының құны - 1 миллиард доллар. Біздің барлық жүйеміз - екі ғаламшар серігі мен жердегі барлық инфрақұрылым. Мен сізді оның қандай инфрақұрылым екенін көруге шақырамын - ол Қазақстанымыздың мақтанышы, 260 миллион еуроны құрайды. Көріңіз соны. Оның қабілетінен бөлек, бұл кәсіби мамандардың жұмысына қолданылатын тек бір ғана параметр, онда біздің серіктер игерген тағы ондаған параметр бар және көп нәрсені түсінбейтіндерге сатылып жатқан шетелдегілерге қарағанда олардың техникалық сипаттамасы жақсы", - деді Талғат Мұсабаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети