Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газ (СМГ) тоннасының көтерме бағасы үстеме пайда салығынсыз (ҮПС) 34,319 теңгеден 38,701 теңгеге дейін көтерілді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шекті бағаны анықтау ережелері бойынша, СМГ-ның есептік құны ҮПС-сіз тоннасы үшін 52 538,27 теңге болу керек болатын. Дегенмен министрлік газ бағасын ішкі нарық үшін ұстап тұр, ал газ құнының көтерілуіне себеп әлемдегі газ бағасының өсуі болып отыр.
Көтерме баға бұл өңдіруші зауыттардың газ желілеріне беретін бағасы.
Бағаны ішкі нарық үшін ұстап тұруыға байланысты өндіруші зауыттар шығынға батып жатқаны хабарланып отыр.