Қазақстанда газ баллондарын сату ережесін өзгерту ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото: usolie.info Иллюстрациялық фото: usolie.info

Сенатор Ерік Сұлтанов депутаттық сауалында елімізде адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін қандай шаралар қабылдануы керек екенін айтты. Әсіресе, газды пайдалану бойынша заңнамаға түзетулер енгізу қажеттігіне тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенатор Ерік Сұлтанов депутаттық сауалында елімізде адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін қандай шаралар қабылдануы керек екенін айтты. Әсіресе, газды пайдалану бойынша заңнамаға түзетулер енгізу қажеттігіне тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатордың айтуынша, қайғылы жағдайлар көбінесе газды тұтынушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан және газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жүргізбеуінен болады. Ал, екінші жағынан, газды тұрмыстық баллондарда сататын компаниялар мен газ ұйымдары тұтынушылардан осы ережелердің сақталуын талап етпейді.

Осыған байланысты сенатор газбен жабдықтау ұйымдарына тұтынушылардан осындай қызметтерді кәсіби түрде көрсететін компаниялармен техникалық қызмет көрсету бойынша шарт жасасу туралы талап қою міндетін жүктеу қажет деп санайды. Шарт жоқ болса, онда компания клиентке газ баллондарын сатудан бас тартуға құқылы.

"Бұл норма газбен жабдықтаушы ұйым мен газ толтыру пункттері иелерінің толтырылатын тұрмыстық баллондардың техникалық жарамдылығын тексеру жөніндегі міндеттерін толық көлемде атқаруға, газ баллон қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұтынушылармен қатар, газ желісі мен газ толтыру ұйымдарының да газ жабдықтары мен газ баллондарына техникалық қызмет көрсету бойынша жасалған шарттары болмаған жағдайда қандай жауапкершілік белгіленетінін айқындау қажет. Мұндай жекелеген норманы енгізу газбен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынасты ретке келтіруге, олардың газ техникалық жабдықтарының жай-күйі үшін жауапкершілік арқалауына ықпал етер еді", - деді сенатор Ерік Сұлтанов.

Еске салайық, 21 қарашада Нұр-Сұлтан кафесінде жарылыс болды. 30-дан аса адам зардап шекті, екеуі қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro