31 желтоқсан 2021 | 11:21

Қазақстанда "Google-ға салық" енгізуге байланысты онлайн сауда қымбаттауы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда "Google салығын" әкімшілендіру басталады. Бұл шетелден тапсырыс берілген тауарларға 12 пайыздық салық салынатынын білдіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда "Google салығын" әкімшілендіру басталады. Бұл шетелден тапсырыс берілген тауарларға 12 пайыздық салық салынатынын білдіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық салық қазақстандықтарға электрон қызметтер мен веб-сайттар арқылы тауарлар мен цифрлық қызметтерді сататын шетелдік компаниялар үшін енгізіледі. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, жаңа салық қазақстандықтарға тауарлар немесе электрон қызмет сатылған жағдайда барлық шетелдік интернет-компанияға әсер етеді. Салық ҚҚС шегінде 12 пайыз.

"Google-ға салынатын салық" қазақстандық және шетелдік компаниялар бәсекелестігін теңестіреді деген пікір бар. Қаржы министрлігі бұған дейін жаңа салық жеке тұлғаларға әсер етпейтінін мәлімдеген болатын, алайда кейбір қазақстандықтар шетелдік компаниялар Қазақстандағы табысын жоғалтқысы келмей тауар немесе электрон қызмет құнына 12 пайыздық салықты қосатынына сенімді. 

Жаңа салық қай салаларға әсер ететінін қарастырайық.

Электрон тауарлар мен қызметтер

"Цифрлық салықты қамтитын қызметтер тізбесі өте кең, олардың ішінде қазақстандықтарға танымалдары да болуы мүмкін, мысалы, бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік ойындар және Интернет арқылы деректер базасын пайдалану құқығын сатып алу. Басқаша айтқанда, арнайы қызметтерде, мысалы, Steam немесе Windows операциялық жүйесінде ойындарды сатып алуға салық салынуы мүмкін", - деді МКК өкілдері.

Жаңалық Google, Amazon, Netflix және басқа да осыған ұқсас сервистерге де әсер етеді. Сондай-ақ, салық жарнамаға қызмет көрсететін компанияларға, соның ішінде Facebook, Instagram және TikTok сияқты әлеуметтік желілерге де қатысты.

Тауарлар

Салық барлық шетелдік интернет-компанияларға қолданылады, егер:

  • сатып алушының тұрғылықты жері Қазақстан болса;
  • сатып алу үшін пайдаланылатын банк шоты ашылған банк орналасқан жер Қазақстан аумағында болса;
  • қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылған сатып алушының желілік мекенжайы Қазақстанда тіркелген болса;
  • Қазақстан берген ұялы телефон нөмірін қоса алғанда, телефон нөмірінің халықаралық кодына байланысты.

Сондықтан шетелдік сайттардан сатып алынған тауарлардың бәріне дерлік салық салынады.

МКК 2022 жылдан бастап тауарына салық салынатын бірнеше ірі компаниялар атын растады:

  • iHerb;
  • Aliexpress;
  • OZON;
  • Wildberries;
  • Lamoda.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі жаңа салық бюджетке 2 миллиард теңгеге жуық кіріс әкелетінін хабарлаған болатын.

Жаңа салық міндетті түрде тауарлар мен электрон қызметтер құнына қосылатыны туралы ақпарат жоқ, өйткені компаниялар мұндай шешімдерді өз бетінше қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети