Күні кеше Павлодарда Қазақстанда халифат құруды уағыздаушы төрт азамат құрықталды. Бұл даурықпа сөз елімізде бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Осыған дейін мұндай алабөтен әңгіме Ирак жақтан да естілген еді. Сондықтан «Алаш айнасы» басылымы қоғамымызға жел беруші осы сөз төркініне мамандардың пікірі арқылы үңіліп көрмекші.
Күні кеше Павлодарда Қазақстанда халифат құруды уағыздаушы төрт азамат құрықталды. Бұл даурықпа сөз елімізде бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Осыған дейін мұндай алабөтен әңгіме Ирак жақтан да естілген еді. Сондықтан «Алаш айнасы» басылымы қоғамымызға жел беруші осы сөз төркініне мамандардың пікірі арқылы үңіліп көрмекші.
Жалпы, Павлодарда осы жыл бойына лаңкестікке қатысты бұл қолға алынып отырған бірінші іс емес. Көктемде ғана Сириядан қайтқан Екібастұздың төрт тұрғыны өмірдегі қате таңдаулары үшін темір тордың ар жағына тоғытылған. Олардың алды жеті жылға, кейінгілері екі жылға бас бостандығынан айырылған. Осыдан кейін жаза басып, шетелге кеткен азаматтарымыз орала алмайтын халге түскен. Бұл басқаларға сабақ болады дестік. Бірақ ол олай болмай шықты. Енді жерлестеріміз Ирактағы Ирак және Леванта Ислам мемлекеттері ұйымының қатарынан төбе көрсете бастады. Бұл арада қазақстандықтар саны санаулы екенін, БАҚ-тағы зорайған сандар асыра сілтеліп берілгенін баса айта кетелік.
Жалпы, бұл теріс құбылысқа тоқтау бар ма? Қазақстандықтар қауіпті аймаққа неге қаймықпай жол тартады?..
Дінтанушы Досай Кенжетайұлы бұл әу, баста дінге немқұрайлы қараған Қазақстан билігінің қателігі деп санайды. Өйткені тәуелсіздік алған кезде бізде ислам діні туралы арнайы білім болған жоқ, билік дінге қорқып-үркіп қарады, сондықтан осы ұрымтал сәтті пайдаланып, көптеген жастарымызды дінді геосаясаттың құралына айналдырғандар іліп әкетті.
Досай Кенжетайұлы, дінтанушы:
– Қазір, өкінішке қарай, дін геосаясаттың құралына айналып кетті. Дін сыртқы бөтен пиғылдылардың қаржысымен қаржыландырып жатыр. Бұдан ислам да шет қалмады. Жалпы, лаңкестікті қаржыландырушылар белгілі бір елді-мекенде тұрақсыздық отын қаулатып, сол елдің дамуын тежеп, қайыршылық орнатып, сол арадан ақша жасап, оны өзіне тәуелді етуді көздейді. Қазақстанда халифат құру деген сөзді мен біздің елдің де топырағына көз сала бастаушылар бар екендігін білдіреді деп, оған сескене қараймын. Әйтпесе халифат құру деген фундаментальды исламнан негіз алатын аңыз-миф. Оны жасау бүгінгі таңда мүмкін емес. Оған кез келген мемлекеттің заңы жол бермейді. Ислам бұлайша бөлектен, біреулерді күштеп бағындыр деп насихат жүргізбейді. Керісінше, ел арасына еніп, өз уағызыңды жүзеге асыруды қолдайды. Оны күшпен емес, ақылмен істеу керектігі де маңызды. Бірақ жат пиғылдың білімімен сусындаған қазіргі жасқа мұны түсіндіру, әрине қиын.
Сондай-ақ маман бүгіндері мемлекеттің дінге бет бұруын жақсы құбылыс, ол осы бағыттағы олқылықтардың орнын толтырады деп сенеді.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.