Қазақстанда халықаралық рейстер қашан ашыла бастайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда халықаралық рейстер қашан ашыла бастайды? © elements.envato.com

Елімізде Түркияға, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде Түркияға, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады", - делінген хабарламада.

Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әр бағыт бойынша әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалады.

"Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып тасталуына және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети