Қазақстанда инновациялық психотропты дәрі өндіріле бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда инновациялық психотропты дәрі өндіріле бастайды Фото: Gedeon Richter компаниясының баспасөз қызметі

Қазақстанда инновациялық психотропты дәрі шығарыла бастайды. "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС Gedeon Richter компаниясымен өндірістік келісімшартқа қол қойды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда инновациялық психотропты дәрі шығарыла бастайды. "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС Gedeon Richter компаниясымен өндірістік келісімшартқа қол қойды.

Гедеон Рихтер Қазақстан компаниясы мен "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС инновациялық дәрі өндірісін жергілікті жерде шығару мақсатында шизофрения мен биполярлы аффектив бұзылуды емдеуге арналған дәрілік өнімді (халықаралық патенттелмеген атауы – Карипразин) Қазақстанда өндіру жөніндегі өндірістік келісімшартқа қол қойды.

2024 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Венгрияға сапары барысында фармацевтика екі ел арасындағы әріптестіктің басым бағыты ретінде белгіленген. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау жолында венгриялық Gedeon Richter компаниясына психиатриялық көмек көрсету саласында "Карипразин" түпнұсқа препаратын пайдалана отырып инвестициялық жобаны жүзеге асыру ұсынылды. 2025 жылы Венгрия Президенті Тамаш Шуйоктың Қазақстанға сапары кезінде стратегиялық әріптестік тағы бір пысықталды.

"МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС мәліметінше, жоба кезең-кезеңімен жүзеге асады: бірінші кезеңде қайталама қаптаманы іске қосып, біртіндеп отандық фармацевтика қуаты негізінде толық өндірістік циклге өту көзделген. 2029 жылдың екінші жартысы мен 2030 жылдың басында өндіріс субстанцияны пайдалана отырып толық циклге өтеді деп жоспарланып отыр.

Gedeon Richter Plc. компаниясы жасаған бірегей психотропты жаңа буын дәрісі тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетіп қана қоймай, оның әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіру, тұрмыстық және кәсіби қызметке қайта оралу, сондай-ақ әлеуметтік байланыс орнату (отбасында, достар арасында, еңбекте) сияқты ортаға қайта қосылуға клиникалық әсері де дәлелденген.

Қоғамға қайта бейімделу – психикалық денсаулықтың ұзақ мерзімді қалпына келу жолындағы негізгі элемент, ол қайтадан ауруханаға түсу қаупін азайтып, қоғамға орнықты араласып кетуге ықпал етеді.

Өнімді FDA (АҚШ), EMA (ЕО), MHRA (Ұлыбритания) және PMDA (Жапония) сияқты жетекші халықаралық реттеуші ұйымдар мақұлдаған. Бұған қоса шизофренияны анықтау мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізілген және оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссиясы да мақұлдаған (2025 жылдың 24 сәуіріндегі №230 хаттама).

Компания жергілікті өндіріс науқастардың озық емдеу тәсіліне көбірек қол жеткізуін қамтамасыз ететініне және ұлттық фармацевтика саласының дамуына үлес қосатынына сенімді.

"Инновациялық дәрілік өнімді жергілікті жерде шығару жөніндегі өндірістік келісімшарт ҚР Президенті ел халқына жолдауында атап көрсеткен дәрілік өнімдер мен медицина бұйымдарының отандық өндірістегі үлесін 50 пайызға дейін арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында көзделген мақсаттарға сәйкес келетін стратегиялық қадам", - деп мәлімдеді компания.

Gedeon Richter мен "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС – Қазақстанда бірлескен жобаларды табысты жүзеге асырып келе жатқан көп жылғы серіктес. Миссиялар мен корпоративтік құндылықтардың ұқсастығы және бизнеске қатысты көзқарас әріптестікті әрі қарай дамытуға берік негіз болады.

Фото: Gedeon Richter компаниясының баспасөз қызметі

Tengrinews
"МЕДСЕРВИС ПЛЮС" ҚФК" ЖШС ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 522.38  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети