26 қазан 2022 11:40

Қазақстанда интернет сапасы қашан жақсарады? Министрлік жауабы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов елдегі интернеттің сапасы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов елдегі интернеттің сапасы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында журналистер вице-министрден еліміздегі интернет сапасына қатысты мәселе қашан шешілетінін сұрады.

"Осы мәселе бойынша Цифрлық даму министрлігі тиісті жұмыстар атқарып жатыр. Менің білуімше, қазірдің өзінде 271 миллионға жуық айыппұл төленіп, тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілді. Байланыс сапасының параметрлері бекітіліп, ұлғайтылды. Интернет сапасының нашарлығы туралы eOtinish жүйесі арқылы біздің министрліктің жанындағы Байланыс комитетіне жүгінуге болады. Біздің аумақтық маман шығып, тексереді. Сапа мәселесі бойынша бұзушылықтар болса, тиісті айыппұл салынады", - деп жауап берді Тұрысов.

Вице-министрдің айтуынша, интернеттің сапасына шағым бергендер белгілі бір саладағы сапа параметрлерінің бұзылуын анықтауға көмектеседі.

"Параметрлерді өзіміз алдын ала тексеріп, бекітетініміз анық. Алайда сапаны адамдар көріп отыр. Біз қаланың немесе ауданның әр бұрышындағы интернет сапасын көре алмаймыз. Сондықтан шағым түсірген азаматтар бізге көмектеседі", - деп қосты вице-министр. 

Тұрысов елімізде интернеттің сапалы болуы үшін қосымша мұнаралар орнату қажет екенін, алайда тұрғындардың көпшілігі әлі де қорқып, оларды орнатудан бас тартып жатқанын айтты.

"Техникалық сипаттамаларға байланысты әр учаскені бөлек қарау керек. Осыған байланысты әкімдікпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, өкінішке орай, тұрғындардың барлығы мұнараларды орнатуға келіспейді. Сондықтан депутаттардың бастамашыл тобы, бізбен жұмыс жасайды деген үміттеміз. Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өткен жұмыс тобының барысында түрлі нұсқалар талқыланады деп ойлаймын", - деп түйіндеді сөзін Әсет Тұрысов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети