Қазақстанда интернет толықтай өшеді деген қауіп жоқ - вице-министр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда интернет толықтай өшеді деген қауіп жоқ - вице-министр Фото:elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық желіден ажыратылса, Қазақстанда интернет нашарлауы мүмкін деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық желіден ажыратылса, Қазақстанда интернет нашарлауы мүмкін деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресейді жаһандық желіден ажыратса бұл бізге қалай әсер етеді, өйткені біздің интернет Ресей арқылы өтеді емес пе" - деп сұрады журналистер Мәжіліс отырысынан кейін.

Асхат Оразбек мұның қауесет екенін айтты.

"Бізге төнуі мүмкін деген қауіпті жан-жақты қарастырды. Бірақ Қазақстанда интернетке қатысты күрделі проблемалар болмайтынын түсіндік. Қазақстан интернетті тек Ресей арқылы алмайды. Яғни, Қазақстанда интернеттің толықтай жабылуы қауіп төндірмейді. Бұл үшін уайымдаудың қажеті жоқ", - деді Оразбек.

Сондай-ақ, алдағы уақытта байланыс нашарламайтыны айтылды. 

"Қытаймен қарым-қатынас бізге Еуропадан барлық трафикті алуға мүмкіндік береді", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.99   558.26   6.59 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +21
Ақтау +21
Ақтөбе +14
Атырау +20
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +19
П
Павлодар +22
Петропавл +19
С
Семей +17
Т
Талдықорған +22
Тараз +22
Түркістан +18
О
Орал +17
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер