Қазақстанда интернеттегі жарнамаға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Келесі аптадан бастап Қазақстанда онлайн-жарнамаға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Келесі аптадан бастап Қазақстанда онлайн-жарнамаға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Былтыр 10 шілдеде Мемлекет басшысы "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңға қол қойды. Заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, жетекші елдер онлайн-жарнаманың маңызды рөлін және оны онлайн-платформаларда көрсету тетіктеріне ерекше назар аударады. Сонымен қатар, онлайн-жарнаманың ашықтығын арттыруға бағытталған талаптарды көздейді.

"Ережелердің бизнеске әсері оңтайлы бағаланды және толығымен Қазақстанның онлайн сегментінде кең таралуы қазіргі тәжірибе негізінде екенін атап өту қажет. Осы ережелерді қалыптастыру кезінде коммерциялық негізде орналастырылған контентті өз бетінше белгілейтін медиа-субъектілер тәжірибесіне сүйендік. Біз өз кезегімізде бұл үрдісті Қазақстан Республикасының бүкіл интернет кеңістігіне тарату жөн деп есептейміз. Ереже 2-наурыздан бастап күшіне енеді", - деді министр.

Одан өзге осы ережеге сәйкес инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс. Олар жарияланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек: "жарнама", "жарнамалық материал", "серіктестік материал", "демеушілік материал", "жарнама құқығында","демеушімен төленген", "PR құқығында".

Әлеуметтік жарнаманы (қайырымдылық және коммерциялық емес сипаттағы басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға қолжеткізуге бағытталған) және жедел хабар алмасу қызметтерінде (мессенджерлер) орналастырылатын жарнаманы арнайы белгілеудің қажеті жоқ.

Ережелер осы жылдың 2-наурызынан бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro