Қазақстанда инвесторларға қорғаудың бірыңғай стандарттары уәде етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда инвесторларға қорғаудың бірыңғай стандарттары уәде етілді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің фотосы

Қазақстанда инвесторларды қорғаудың бірыңғай стандарттары енгізілді. Олар "өңірлік әркелкілікті" жоюға және қай облыс болмасын, бизнес үшін бірдей кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Бүгін ведомствода Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңес жұмысын бастады. Бұл жаңа тұрақты алаң мемлекеттік органдардың, отандық және шетелдік ірі бизнес өкілдерінің, сондай-ақ еліміздің заңгерлері мен экономистерінің басын қосты.

"Ресурстар үшін емес, сенім үшін бәсеке"

Бас прокурор Берік Асылов қатысушыларға бизнесті қорғаудың кешенді жүйесін таныстырды. Мұнда прокурорлар инвесторлар заңмен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайтын барлық кезеңде қадағалауды қамтамасыз етеді.

Фото: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

"Бүгінде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік ресурстар үшін емес, сенім үшін жүріп жатыр. Біз заңды Қазақстанның бәсекелестік артықшылығына айналдыруға міндеттіміз. Ол үшін үстірт өзгерістер емес, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қарым-қатынасты жүйелі түрде жетілдіру қажет", - деді Асылов.

Бас прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта прокуратураның сүйемелдеуімен жалпы инвестиция көлемі 112 триллион теңгені құрайтын 3,3 мың инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ үш мыңнан астам инвестордың құқығы қорғалып, 30 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін 270-тен астам инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілді.

Бизнеске түсетін қысым азайды

Сонымен қатар Асылов әкімшілік қысымды жүйелі түрде төмендету жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті. Мәселен, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы сот дауларының саны шамамен 40 пайыз, ал бизнесті әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлары 16 пайыз азайған. Сондай-ақ кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауды төмендету үрдісі сақталып отыр. Жыл басынан бері прокуратура инвесторлардың құқықтарын бұзуы мүмкін мемлекеттік органдардың 800-ден астам шешімін келісуден бас тартты.

Бірыңғай тәртіп

Жиында бизнесті қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін едәуір күшейткен заңнамалық өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Енді инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері, оның ішінде нұсқама нысанындағы актілер мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар үшін міндетті. Бұдан бөлек Бас прокурорға еліміздің барлық өңірінде инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеудің бірыңғай тәртібін айқындау өкілеттігі берілді.

Бас прокуратура атап өткендей, бұл "өңірлік әркелкілікті" болдырмай, Қазақстанның кез келген өңірінде инвесторлардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай әрі қатаң стандарттарын қамтамасыз етеді.

Кеңес отырысында әкімшілік кедергілер дәстүрлі түрде бастамашылдықты тежейтін құрылыс саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер әзірленді.

Еске сала кетейік, кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның басты артықшылығы ретінде саяси тұрақтылықты атады. Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енгенін, оның жаңартылған нормалары инвесторлар құқықтарын қорғаудың барынша жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін еске салды.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.03   540.58   6.07 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +16
Астана +23
Ақтау +29
Ақтөбе +25
Атырау +31
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +30
П
Павлодар +20
Петропавл +25
С
Семей +17
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +30
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер