26 ақпан 2014 | 13:03

Қазақстанда жалақы халықаралық конвенция қағидаттарына сәйкес қорғалатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Бүгін Парламент Мәжілісі "Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Конвенция мемлекеттің жалақыны қорғау нормаларын қамтамасыз етуге бағытталады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Әлемдік дамудың жаһандануы мен Қазақстанның дамыған отыз елінің қатарына қосылу бағытында еңбекақыны реттеу, халықаралық стандарттарды енгізу, адам капиталын дамыту тұрақтылықты сақтаудың міндетті шарты болып табылады. Осыған орай, жалақының Халықаралық Еңбек Ұйымының қағидаттарына сәйкес қорғалуы аса маңызды. Конвенцияны ратификациялаудың өзектілігі де осында",- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында. Министрдің айтуынша, Конвенцияның ұйғарымдары экономиканың барлық салаларына қатысты және жалақы есептелетін немесе төленетін адамдардың барлығына бірдей қолданылады. Бұдан бөлек, Конвенцияда жалақыны уақытылы және жүйелі төлеудің, оны шектен тыс ұстап қалулардан, кәсіпорын банкрот болған немесе таратылған жағдайда жалақыны қорғау қарастырылады. Тоқтала кететін жайт, Конвенцияда "жалақы тұрақты түрде төленуі тиіс" деп жазылған. Осыған орай, депутат Нұртай Сабильянов Қазақстандағы жалақының уақыты төлену мәселесін көтерген болатын. "2013 жылдың басында жұмыс берушілердің жалпы қарызы 1,1 млрд. теңгені құраған еді. Ал ағымдағы жылдың 21 ақпандағы жағдай бойынша республика бойынша 75 мекеме 6 мың 748 жұмысшылардың алдында 828 млн. теңге берешекте отыр", - дейді министр Дүйсенова. Өз кезегінде депутат Қуаныш Сұлтанов Конвенцияны "адам құқы тұрғысынан қарауды" өтінді. "Өйткені, қазіргі кезде мемлекетімізде жұмыс берушілердің жұмысшыларға деген жалақылық берешегі жылдан жылға кеміп келе жатқан жоқ. Адам құқықтары жөніндегі комиссияға да осы тұрғыдан көптеген шағымдар түсіп жатыр", - деді депутат Сұлтанов. Еске сала кетейік, Конвенцияны Халықаралық Еңбек Ұйымына мүше 97 мемлекет қабылдаған. Ал бұған қажетті алғышарттар бүгінгі таңда Қазақстанда да қалыптасып отыр.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети