Қазақстанда жаңа дизайндағы банкнота айналымға шығарылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ҚР ҰБ Фото: ҚР ҰБ

Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) 2025 жылғы 28 наурыздан бастап жаңа дизайндағы номиналы 1 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресми сайтқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) 2025 жылғы 28 наурыздан бастап жаңа дизайндағы номиналы 1 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресми сайтқа сілтеме жасап.

Бұл "Сақ стилі" сериясымен шыққан төртінші жаңа банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің түп негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.

"Дегенмен, банкноталар жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші жартысында беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет", - делінген хабарламада.

Фото: nationalbank.kz

Ақша белгісінің дизайны мен формасы туралы

Банкноталардың түсі – қоңыр және ашық қоңыр.

Банкнотаның бет жағында:

  • көкте қалықтап ұшқан құспен "Өмір ағашының" бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
  • ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
  • артефакт – төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символы ретінде (Бесоба қорғаны, б. з. д. 6-4 ғғ., Орал өңірі, Батыс Қазақстан).

Банкнотаның артқы жағында:

  • ою-өрнекпен стильденген қалқан фонында Төбет пен Тазы тұқымдас иттер;
  • дөңгелек қазақ халқының ою-өрнегі, "қалқан" бейнесі – құндылықтарды қорғау нышаны, ежелгі символ – төрт тарап, ортасындағы күн белгісі – жасампаздық энергиясы мен өмір нышаны.

Сондай-ақ, банкнотаның сырт жағында артефакт, төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символын (Қырық-Оба қорғаны, б. з. д. 7-6 ғғ., Батыс Қазақстан) көрсетеді. Банкнотаның ортасында фон ретінде ою-өрнек стилінде бейнеленген шексіздік символына тән Қазақстанның дала жоталары берілген.

Банкноталарды айырбастау және айналымда қатар жүру кезеңін белгілеу тәртібі туралы

Номиналы 1 000 теңгелік жаңа банкноталар 2025 жылғы 28 наурыздан бастап айналымға енеді және айналымда жүрген 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік ұлттық валюта банкноталарымен (ескі үлгідегі банкнота) екі жыл бойы ауыстырылады.

"Яғни, ескі үлгідегі барлық банкнота екі жыл ішінде айналымнан біртіндеп алынады. Тиісінше, банкноталар айналымда қатар жүрген уақытта халыққа ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейлі банктердегі немесе ҚҰБ филиалдарындағы жаңа банкноталарға айырбастаудың қажеті жоқ".

Жаңа және ескі үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылдың 28 наурызынан 2027 жылдың 27 наурызына дейінгі аралықты қамтиды.

Ол кезең аяқталған соң, яғни 2027 жылғы 28 наурыздан бастап барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноталарды 3 жыл ішінде, яғни 2030 жылғы 27 наурызға дейін жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал ҚҰБ филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro