06 қаңтар 2015 15:11

Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында 820 сәби туылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсаны күні 820 сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсаны күні 820 сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа жыл келетін күні жаңа туған нәрестелердің саны жөнінен республика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастады. 31 желтоқсан күні өңірде 224 бала туылды. Одан кейінгі орында Алматы облысы - 87 бала және Алматы қаласы тұр - 82 бала. Төртінші орында Жамбыл облысы, мұнда 71 бала туылған, ал Шығыс Қазақстан облысында 67 бала дүниеге келді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2013 жылдың 31 желтоқсанында да 820 сәби дүниеге келген болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети