01 шілде 2021 11:47

Қазақстанда жаңа кодекс күшіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді.

Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Оның айтуынша, әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап-арыздар енді "әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау" қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімі дұрыстығын сот алдында дәлелдеуі тиіс.

"Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап береді.

Бұл құжат "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналады", - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске Мемлекет басшысы 2020 жылғы 29 маусымда қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети