Қазақстанда жаңа автокөліктер қымбаттауы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, автосатушылар бағаны қайта қарап, жаңа валюта бағамына байланыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Қазақстанда жаңа автокөліктер қымбаттауы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, автосатушылар бағаны қайта қарап, жаңа валюта бағамына байланыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Мамандардың сөзіне қарағанда, АҚШ ақшасы қымбаттағалы автосалондарда баға өзгерген жоқ. Шетелдік көліктердің құны әзірге өсе қоймаған. Бірақ жаңа темір тұлпарлардың жаңа партиясына жаңа баға қойылуы мүмкін екен.
"Қазір тұрған автокөліктерге тапсырысты біз қаңтар айында берсек, ол кезде доллардың бағасы 320 теңге болатын. Қазіргі уақытта 360 теңге. Сондықтан келесі жылдың басында келетін автокөліктер қымбат болатын шығар. Автомобиль сатушылар көлікті доллармен ғана емес, рубльмен де сатып алады. Рубльге қатысты теңге бағамы тұрақты. Сондықтан ресейлік көліктер құны сақталуы ықтимал. Бірақ бағам ауытқығалы автосалондарда сатып алушылар қарасы көбейіп, не азаймаған. Бірақ мамандар көлікті қазір алған дұрыс деп отыр", - дейді "Меркур Авто" компаниясы сату бөлімінің менеджері Нұржан Мағзұмов.
"Шетелден келген компоненттер бұрынғы бағамен кіргізілді де, көліктер бұрынғы бағамен сатылып отыр. Кейін доллардың қымбаттауына байланысты көліктер де қымбаттауы керек. Жарты жыл уақыт аралығында қымбаттауы мүмкін. Сондықтан жоспарлап отырған адамдар көлік алатын қазір алып алғаны жөн деп ойлаймын. Дегенмен мамандар отандық көліктер бағасы сақталады деп отыр. Биыл өндіріс 86 пайызға артқан. Биыл 17 мың жүйрік тұлпар құрастырылған. Олардың жалпы құны шамамен 104 миллиард теңге болады", - дейді "Қазақстан автобизнес қауымдастығының" техникалық реттеу директоры Ербол Сейпілов.
Ал "Қазавтоөнеркәсіп" директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферовтің айтуынша, әзірге айтарлықтай алаңдаушылыққа еш негіз жоқ және дабыл қағу ерте.