Қазақстанда жаңа комитет құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа комитет құрылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жаңа комитет құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа комитет құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Судың "қара нарығымен" күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды", - делінген хабарламада.

Жаңа комитет суды заңсыз пайдалану және оны есепке алу деректерінің бұрмалануы, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.

"Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың "қара нарығына" қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс",– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети