Қазақстанда жаңа қылмыстық бап енгізу ұсынылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа қылмыстық бап енгізу ұсынылды Фото: depositphotos.com

Қазақстанда мал жеткізушілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдату қажет. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мал жеткізушілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдату қажет. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында министр Қазақстандағы мал есебі жүйесінің жұмысы туралы есеп берді.

"2022 жылдан бастап мал есебі процестерін цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығындағы барлық ақпараттық жүйені біріктіретін "Е-АӨК" платформасы әзірленіп жатыр. Мал шаруашылығында қадағалауды қамтамасыз ету үшін министрлік ауыл шаруашылығы жануарларының бүкіл өмірлік циклін АШЖ (ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректер базасы – еск.) негізінде 7 қосымша сервисті қамти отырып автоматтандыру жұмысын жүйелі түрде жүргізіп жатыр", – деді Айдарбек Сапаров.

Әр жануардың жеке нөмірі болады, барлық дерек пен ветеринариялық рәсімдер тіркеледі. Министрдің айтуынша, фермерлер мен ветеринарлар электрон сервистерді пайдалана отырып, уақытты үнемдеп, қателік тәуекелін төмендетеді.

Алайда бұл шараларды іске асыру тек мал иелері тарапынан мал басының толық және адал есебі жүргізілген жағдайда ғана мүмкін болады.

"Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу бойынша бақылау шараларын күшейту, сондай-ақ малды жеткізушілер мен ветеринариялық құжаттарсыз мал шаруашылығы өнімдерін сатып алушылар үшін жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікке дейін қатаңдату қажет", – деді Сапаров.

Ветеринарияны одан әрі трансформациялау заңнаманы цифрландыру, қауіпсіздік пен тасымалданатын тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету, жүктемелерге ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейту, әкімдіктердің өкілеттіктерін кеңейту, сондай-ақ ұйымдастырылған шаруашылықтарға биркаларды сатып алуды беру есебінен бюджет шығындарын азайту бөлігінде жетілдіруді көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети