Қазақстанда жаңа мораторий енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа мораторий енгізілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға екі жылдық мораторий енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға екі жылдық мораторий енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мораторийді енгізу туралы ақпарат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің порталында пайда болды.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу", - делінген құжатта.

Мына жағдайлар мараторийге бағынбайды:

  • "заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның орындалуын қамтамасыз ету үшін компания құру қажет болады;
  • ерекше жағдайларда Қазақстан Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша.

Осы қаулы "экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығын орындау мақсатында оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Үкіметтің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне қаулыға қол қойылғанын растады. Мораторий 2026 жылдың соңына дейін жарамды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети