Қазақстанда жаңа оқу жылындағы каникул кезеңдерін жария талқылау басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа оқу жылындағы каникул кезеңдерін жария талқылау басталды Фото: elements.envato.com

Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылына арналған каникул кезеңдерін анықтайтын құжат жобасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылына арналған каникул кезеңдерін анықтайтын құжат жобасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.

2021-2022 оқу жылы 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады деп жоспарланып жатыр.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 апта, 2-11-сыныптарда (12-сыныптарда) - 34 апта. Мереке күніне түскен сабақ оқу бағдарламалары мазмұнын ескере отырып, қайталауға бөлінген сағаттар есебінен келесі күнге ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі демалыс кезеңдері бойынша:

1-11-ші (12) сыныптарда:

күзгі демалыс - 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазанды қоса алғанда);
қысқы демалыс - 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 10 қаңтарға дейін (қоса алғанда);
көктемгі демалыс - 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда);

1-сыныптарда: қосымша демалыс - 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети