Білім министрлігі 2024/2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 2025 жылдың 25 мамырына (қоса алғанда) дейін жалғасады.
1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда).
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда).
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында). 1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында, 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 12 маусым аралығында болады.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 18 маусымға дейін жалғасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!