Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, мыналар:

  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысы Полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысы Полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысы Полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысы Полиция департаменті емханасы бар госпиталь" мемлекеттік мекемесі.

"Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетке көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін", - делінген құжатта.

Ішкі істер министрлігіне Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети