Қазақстанда жаңа салық енгізу ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстанда зиян өнімдердің таралуын шектеуді, сондай-ақ құрамында қант мөлшері жоғары пайдасы жоқ тағамдар мен энергетикалық сусындарға қосымша салық енгізуді қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстанда зиян өнімдердің таралуын шектеуді, сондай-ақ құрамында қант мөлшері жоғары пайдасы жоқ тағамдар мен энергетикалық сусындарға қосымша салық енгізуді қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор премьер-министр Әлихан Смайыловқа соңғы уақытта қазақстандық нарықта "шығу тегі белгісіз құнарсыз тағам" пайда болғанын мәлімдеп, сауал жолдады. Жексенбайдың айтуынша, әртүрлі елдерден бізге азық-түлік және пайдалылық коэффициенті жоқ тауарлар әкелінеді. Сонымен қатар, зиян өнімдердің көпшілігі көшелер мен жертөлелерде шығарылады.

"Еліміздің заңнамасына сәйкес, әрбір өнімде қазақ және орыс тілдерінде өндіруші, құрамы, пайдалану шарттары туралы ақпарат болуы керек. Алайда, еліміздің дүкендері мен базарларында сатылатын арзан зиян өнімдерге қатысты бұл талаптар сақталмайды", - деді Бибігүл Жексенбай.

Сондай-ақ, ол балалар көретін зиян тағамдар мен сапасыз өнімдер туралы жарнамаларды сынға алды.

"Жасыратыны жоқ, бүгінде адамдар, әсіресе балалар, қант, тұз, май, химиялық қоспалары жоғары тағамдар жарнамасын еріксіз көреді. Әрине, бұл жарнама қолданыстағы заңмен реттеледі, бірақ денсаулыққа зиян өнімдер туралы ақпаратты таратуды шектейтін нормалар жоқ. Елімізде балаларға жарнамаланатын тағамдардың 72 пайызы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған тағамдар. Зиян тағамның жарнамасын тарату – ағзаға қасақана зиян келтірумен бірдей, сондықтан мүмкіндігінше, қажет жерде шектеу, тіпті тыйым салу қажет", - деді сенатор.

Депутат премьер-министрден Қазақстанда зиян өнімдердің саудасына тыйым салуды, сондай-ақ кедендік бақылауды күшейтуді сұрады.

"Сондай-ақ, мұндай өнімдерді стандарттау, сертификаттау жөніндегі қызметті қатаң бақылауға алу қажет; әсіресе балаларға зиян тағамдардың мерзіміне шектеу қою керек; пайдалы емес тағамдарға және құрамында қант мөлшері жоғары түрлі энергетикалық сусындарға қосымша салық салу туралы мәселені қарастыру қажет", - делінген Жексенбай сұрауында.

Сенатор Қазақстанда қандай өнімге шектеу қою керек екенін нақтылаған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer