18 ақпан 2021 | 11:45

Қазақстанда жаңа заңдар үшін "өтпелі кезең" белгіленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда азаматтар мен бизнеске қосымша міндеттер жүктейтін нормаларға қатысты "өтпелі кезең" тәжірибесін заңнамалық деңгейде белгілеу жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда азаматтар мен бизнеске қосымша міндеттер жүктейтін нормаларға қатысты "өтпелі кезең" тәжірибесін заңнамалық деңгейде белгілеу жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұсынылып отырған заң жобасы заңдарды әзірлеу, олар бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу және заңдарды қабылдау рәсімдерін жетілдіру мақсатында дайындалды. Заң жобасында мынадай негізгі ережелер көзделеді: азаматтар мен бизнеске қосымша міндеттер жүктейтін нормаларға қатысты "өтпелі кезең" тәжірибесін заңнамалық деңгейде белгілеу. Жаңа міндеттерді белгілейтін нормалар халық пен бизнестің дайын болуына қарай, қабылданған күнінен бастап алпыс күндік мерзімнен ерте енгізілмейді", - деді Сенат отырысында әділет министрі Марат Бекетаев.

Сонымен қатар, заң шығару қызметінің жаңа кезеңдерін енгізу жоспарланған. Атап айтқанда, әзірлеуші органдар реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлейді. Бұл құжатта проблемалар мен ықтимал шешімдер көрсетіледі.

Талқылау қорытындысы бойынша заң жобасының тұжырымдамасы жасалады. Бұл нақты ұсыныстары көрсетілген реттеуші органның ресми мәлімдемесі.

Негізгі ережелер қатарында заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдерін кеңейту де бар.

"Азаматтарды жаңа реттеуге алдын ала дайындау мақсатында әрбір заң жобасымен қабылданған заң ақпараттық түсіндіру бағдарламасымен сүйемелденетін болады. Сондай-ақ, заң жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасының сапасын арттыру бойынша, бір ұйымның ғылыми ресурстарымен шектелмей, осы жұмысқа тиісті білімі бар елдегі барлық ғылыми сарапшыны тарту ұсынылады. Бұл жұмысты үйлестіруді Заңнама және құқықтық ақпарат институтына жүктеу ұсынылады", - деді ол.

Қабылданған заңдардың тиімділігі бағаланады.

"Заңдар қабылданғаннан кейін, олардың тиімділігін бағалау міндеті ұсынылып отыр. Бұл міндет заңды әзірлеген мемлекеттік органдарға жүктеледі. Қабылданған заңның тиімділігін бағалау үшін, әзірлеуші орган жаңа реттеудің салыстырмалы нәтижелері көрсетілгенесепті дайындайды. Бұл есеп құқықтық мониторинг аясында қолданылатын болады, сондай-ақ, Парламенттік тыңдауда немесе Үкімет сағатында талқылануы мүмкін", - деп қосты министр.

Марат Бекетаевтың айтуынша, заң жобасын қабылдау отандық заңнаманың проблемалық мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети