Қазақстандықтар Жаңа жылдың символдарын автокөліктерімен бейнелеп жатыр. Флешмоб желтоқсанда басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандықтар Жаңа жылдың символдарын автокөліктерімен бейнелеп жатыр. Флешмоб желтоқсанда басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Флешмобты алғашқылардың бірі болып Астананың джипперлері өткізді.
Кейін Талдықорған тұрғындары 30-дан аса автокөлікпен шыршаның пішінін келтірді.
24 желтоқсанда осыған ұқсас флешмоб Екібастұзда өтті, оған 40-тан аса көлік қатысты.
Сонымен қатар, Атырауда көліктерден жасалған шырша түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.
Ал Павлодар тұрғындары көліктерден сағаттың пішінін жасады. Автоәуесқойлар эстафетаны біріне-бірі беріп жатыр, сондықтан мерекенің алдындағы флешмоб әлі бірнеше қалада өтуі мүмкін. Оған қатысуға ниетті адамдар бір-бірімен әлеуметтік желі арқылы байланысады. Флешмобқа қатысушылар көліктерімен түрлі пішіндер жасап қана қоймай, түрлі жарықтармен безендіруде алдарына жан салмай жатыр.