Қазақстанда жануарларға қатысты қылмыс көбейген

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жануарларға қатысты қылмыс көбейген Фото:elements.envato.com

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жануарларға қатыгездік танытуға байланысты қылмыстардың саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жануарларға қатыгездік танытуға байланысты қылмыстардың саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, жыл басынан бері жануарларға қатысты қатыгездікпен байланысты 50 құқықбұзушылық ресми түрде тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,6 пайызға көп.

Аймақтар бойынша жануарларға қатыгездікпен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең көп саны Алматы облысында тіркелді - 12 оқиға, жылдық өсім - 2 есе. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (6 жағдай, өсім жылына 3 рет) пен Шымкент (6 жағдай, өсім - 6 есе) тұр.

Сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз пайдалану жағдайлары бір жыл бұрынғыдан 4 пайызға көп тіркелді, бұл - 183 құқықбұзушылық.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына және аңшыларға қатысты 4 зорлық-зомбылық фактісі (бір жыл бұрынғы 5 жағдайға қатысты) тіркелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети