Қазақстанда жасанды тыныс алдыру аппаратының өндірісі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жасанды тыныс алдыру аппаратының өндірісі ашылды © primeminister.kz

Қазақстанда жасанды тыныс алдыру аппаратының өндірісі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жасанды тыныс алдыру аппаратының өндірісі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Премьер-Министр Асқар Мамин "Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнына барды, кәсіпорын пандемия жағдайында жасанды тыныс алдырустационарлық аппараттарының өндірісін ұйымдастырған.

Бұл аппарат емдеу мекемелерінде жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде ересектер мен балалардың өкпесін ұзақ уақыт бойы желдетуге арналған. Жасанды тыныс алдыру аппараты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай келеді және Нұр-Сұлтан қаласындағы Көпсалалы жұқпалы аурулар орталығында сәтті сынақтан өтіп, медицина мамандарының оң сараптамалық қорытындысын алған. 

Бүгінде  жергіліктендіру деңгейін 30 пайызға дейін жеткізумен, оны 50 пайыз және одан да көп пайызға ұлғайту перспективасымен Жасанды тыныс алдыру аппараттарын өндірістік құрастыру жүзеге асырылып жатыр. Өндірістік цикл кезеңінде жергіліктендіру деңгейі "Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС-ның заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталуының және электронды, радиоэлектронды және оптикалық приборлар саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың құзыретінің жоғарылығының арқасында артатын болады. Жасанды тыныс алдыру аппараттары өндірісіне ҚР басқа да қорғаныс саласы кәсіпорындарының технологиялық әлеуеті тартылған. 

Денсаулық сақтау министрлігінің жөнелтуге рұқсаты бойынша жасанды тыныс алдыру аппараттары биыл қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық өңірі бойынша медицина мекемелеріне 1500 дана көлемінде жеткізілетін болады. 

Жасанды тыныс алдыру аппараттарын құрастырумен қатар, кәсіпорынның инженерлік-техникалық персоналы емдеу мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің оқытылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ 24/7 режимінде техникалық қолдауды жүзеге асырады. Кәсіпорындарға 3 жыл бойы кепілдікті қызмет көрсету мерзімі ұсынылады.   

Үкімет басшысы өндіріспен танысып, еліміздің медицина мекемелеріне өнімдерді уақытында жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. 

"Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС өндірістік алаңын аралауға Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети