Қазақстанда жазда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жазда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде биылғы жазда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде биылғы жазда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, маусымда Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады: солтүстікте және орталықта 17-20 градус, батыста 23-25 градус шамасында. Ал оңтүстік-батыс пен еліміздің қиыр оңтүстігінде ауа райы әдеттегіден ыстық болады: жазық өңірлерде орта есеппен 24-28 градус, ал ең жоғары температура 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Батыс пен солтүстік-шығыста жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтілсе, басқа аймақтарда жауын-шашын мөлшері негізінен нормадан аз болады.

"Шілдеде ауа температурасы қалыпты деңгейде болады, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста климаттық нормадан 1 градус жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері негізінен көпжылдық нормалар шегінде болады, тек еліміздің қиыр солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мөлшері нормадан артық болады", – деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Тамыз және қыркүйекте мол жауын-шашын күтілмейді. Ауаның орташа айлық температурасы еліміздің басым бөлігінде климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады.

Министр жазға арналған бұл болжамның алдын ала жасалғанын, ол әлі де нақтыланып, толықтырылатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети