Қазақстанда жазда жүк көліктеріне тасжолдарда жүруге шектеулер енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жазда жүк көліктеріне тасжолдарда жүруге шектеулер енгізіледі Фото: "ҚазАвтоЖол"

1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлайды. Бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген хабарламада.

Шектеу мерзімі:

  • еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
  • солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.

Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.

1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Ұлытау облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Маңғыстау облысы.

1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

Шектеулер жол жамылғысын қорғау мақсатында енгізіледі. Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды. Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети