Қазақстанда жазғы дөңгелек үшін қашан айыппұл салына бастайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жазғы дөңгелек үшін қашан айыппұл салына бастайды? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 1 наурызға дейін Алматыда жүргізушілер қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 1 наурызға дейін Алматыда жүргізушілер қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол техникалық регламент талабы осындай екенін атап өтті. Оған бағынбағандарға айыппұл қарастырылған.

"Қыста Алматы жолдарында жүргізуші жазғы дөңгелекпен жүрсе, полицейлердің оған айыппұл салуға құқығы бар. Мұндай заңбұзушылық алғаш рет жасалса, 17 250 теңге (5 АЕК) айыпұл, ал бір жыл ішінде тағы осындай құқықбұзушылық жасалса, оған 34 500 теңге (10 АЕК) айыппұл салынады", - деді Салтанат Әзірбек өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Ресми өкіл қыс жақындап қалғанын атап өтіп, жүргізушілерге ескерту жасады.

"Қыс жақындап қалды. Сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қаладағы барлық көлік қысқы дөңгелекке ауысуға тиіс. Бұл - қауіпсіздік талабы. Мегаполисте алғашқы жауын-шашын басталғаннан кейін хаос басталады. Өйткені, жүргізушілер қысқа дайын болмай жатады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети