23 ақпан 2023 12:58

Қазақстанда жеке әскери компаниялар пайда болуы мүмкін бе?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Қазақстанда жеке әскери компаниялар пайда болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Қазақстанда жеке әскери компаниялар пайда болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда оны құрудың заңдық базасы жоқ.

"Мемлекет өз елінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған Қарулы Күштерді, басқа да әскерлерді, әскери құрамаларды ұстайды. Ал Конституцияда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа құрылымдар жоқ", - деді Камалетдинов Сенат отырысы кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Жеке әскери компания - бұл біреуді және бір нәрсені күзету, қорғауға (қорғаныс), көбінесе әскери қақтығыстарға қатысуға, сондай-ақ барлау ақпаратын жинауға, стратегиялық жоспарлауға, логистикаға және кеңес беруге байланысты мамандандырылған қызметтерді ұсынатын коммерциялық кәсіпорын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети