Қазақстанда жеке куәлік алу тегін болады: мән-жайы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жеке куәлік алу тегін болады: мән-жайы Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-ге сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері:

  • 1,9 миллион жеке куәлік;
  • 1,1 миллион Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  • 303 мың балаға төлқұжат берілген.

"Жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін болады", - деді комитет төрағасы Аслан Аталықов.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төлқұжат, жүргізуші куәлігі және басқа да құжаттарды рәсімдеу айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты қымбаттайды. АЕК 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өседі.

Бағалар:

  • 16 жасқа дейінгі баланың төлқұжаты (24 бет) - 17 300 теңге (4 АЕК) (2025 жылы - 15 728 теңге).
  • Қарапайым төлқұжат (36 бет) - 34 600 теңге (8 АЕК) (2025 жылы - 31 456 теңге).
  • 48 беттік төлқұжат - 51 900 теңге (12 АЕК) (2025 жылы - 47 184 теңге).
  • Жеке куәлік - 865 теңге (0,2 АЕК) (2025 жылы - 786 теңге).

Егер жеке куәлік жыл ішінде екі реттен көп жоғалса, 1 АЕК - 4 325 теңге төлеуге тура келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети