Сайлау қарсаңында жеке куәлікті қысқа мерзімде алуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау қарсаңында жеке куәлікті қысқа мерзімде алуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы Көші-қон полициясының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның айтуынша, негізі жеке куәлік бір айдың ішінде рәсімделеді, алайда қазіргі уақытта бұл уақыт барынша қысқартылып, азаматтықты анықтау бір айдан 7-15 күнге дейін қысқартылса, жеке куәлік дайындау жедел дайындау төлемінсіз бір аптада жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, құжаттарды рәсімдеу және беру демалыс күндері де жүргізіледі.
"Астана қаласының Көші-қон полициясы ҚР азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлікті жедел рәсімдеу бойынша жұмысты қолға алды. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға қатысу бойынша еліміздің азаматтарының конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында жүргізіліп жатыр. Бүгін, 8 сәуірде Астана қаласы ІІД "Алматы" аудандық ІІБ-да 18 тұрғынға салтанатты түрде жеке куәлік табыс етілді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, сәуір айының басынан бері 16 жастан асқандар үшін 50 артық ҚР азаматтығы рәсімделген. Ал 2015 жылдың бірінші тоқсанында көші-қон полициясының қызметкерлері 20 748 азаматқа жеке куәлік рәсімдеген.