23 маусым 2021 | 14:27

Қазақстанда жеке сот-сараптамалық ұйымдар пайда болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда жеке сот-сараптамалық ұйымдар пайда болуы мүмкін. Тиісті нормалар сот-сараптама қызметінің мәселелері бойынша түзетулер жобасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жеке сот-сараптамалық ұйымдар пайда болуы мүмкін. Тиісті нормалар сот-сараптама қызметінің мәселелері бойынша түзетулер жобасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның мәлімдеуінше, заң жобасы "сот-сараптамалық қызметі саласындағы құқықтық реттеуді регламенттеу, бос орындарды толықтыруға, тәжірибедегі даулы сұрақтарды шешуге бағытталған".

"Осы мақсатта сот-сараптамалық қызметі саласындағы жаңа субъект - мемлекеттік емес сот-сараптамалық ұйымдардың пайда болуы қарастырылып жатыр. Бұл жеке сот сарапшылары жұмысының институтционалды бекуіне және әрі қарайғы дамуына негіз болмақ", - деді Снежанна Имашева палата отырысында.

Оның сөзінше, жаңашылдық жеке сот сарапшыларының матриалдық-техникалық, зертханалық және ғылыми базаны құруға бағытталған жұмысын бір ортаға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік сот сараптамалық аппаратының жұмысын жеңілдетіп, сараптама жасау уақытын біршама қысқартады.

Бұдан бөлек, заң жобасында сот сарапшыларын аттесттау процедурасын сертификаттау процедурасына алмастыру да қарастырылған.

"Сертификаттау оларды халықаралық және кәсіби стандарттарға сай болуын тиімді бақылауға жол ашады. Сонымен қатар, сот-сараптамалық зерттеулердің жоғары сапада болуын қамтамасыз етеді. Сот-сараптамалық қызметін стандарттау процедурасын енгізу сот сарапшыларына зерттеу барысында тек ғылыми негізделген әдістерді емес, ұлттық стандарттарды да қолдануға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Имашева.

Оның айтуынша, стандарттарды енгізу сот сараптамасын іске асыру кезіндегі бірыңғай ғылыми-әдістемелік тәсілін құрудағы негізге айналып, жүргізілген зерттеудің дұрыстығын, нәтижелігін, дәлелдігін арттырады.

"Нәтижесінде мемлекеттік бақылау мен сот-сараптама нарығында бәсекелестік тудыру міндетінің арасында тепе-теңдік орнайды. Сонымен қоса, сот-сараптама қызметінде нарықты бақылай алмау және сот-сараптамалық қызметін бақылаусыз коммерцияландыру қаупі төмендейді", - деді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети