13 қаңтар 2017 11:34

Қазақстанда жел күшейіп, қар жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

13 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, тұрақсыз ауа райы сақталады. Кейбір аумақтарда тұман, көктайғақ, боран мен желдің күшею күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: қар жауып, оңтүстік-батыс аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола облысында күндіз боран күтіледі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында тұман, боран, ал түнгі уақытта жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети