Қазақстанда жел соғып, жауын-шашын болады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жел соғып, жауын-шашын болады Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 1 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Бұл күні Қазақстанның кейбір өңірлерінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел мен бұршақ күтіледі. Сонымен қатар, бірқатар аймақта қатты ыстық сақталады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 1 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Бұл күні Қазақстанның кейбір өңірлерінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел мен бұршақ күтіледі. Сонымен қатар, бірқатар аймақта қатты ыстық сақталады.

Астана – құбылмалы бұлтты, кей кездері жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен жел болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 20 м/с дейін. Түнде температура +12…+14, күндіз +22…+24.

Алматы – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 18 м/с дейін. Түнде +20…+22, күндіз +31…+33.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, жел. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде +19…+21, күндіз +32…+34.

Ақтау – ашық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, 9–14 м/с. Түнде +23…+25, күндіз +34…+36.

Ақтөбе – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 6–11 м/с. Түнде +14…+16, күндіз +28…+30.

Атырау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с, күндіз оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +20…+22, күндіз +35 дейін.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 7–12 м/с. Түнде +17…+19, күндіз +26…+28.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, кей кездері жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7–12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Түнде +14…+16, күндіз +24…+26.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ пен жел. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде +13…+15, күндіз +22…+24.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +20…+22, күндіз +32…+34.

Қостанай – бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстіктен 9–14 м/с. Түнде +15…+17, күндіз +22…+24.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, кей кездері жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде жел, құмды дауыл. Жел түнде 7–12 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде +16…+18, күндіз +29…+31.

Павлодар – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, жел. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде +13…+15, күндіз +26…+28.

Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен жел. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде +16…+18, күндіз +22…+24.

Семей – күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 7–12 м/с, екпіні 23 м/с дейін. Түнде +14…+16, күндіз +30…+32.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде +15…+17, күндіз +32…+34.

Тараз – күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 23 м/с дейін. Түнде +19…+21, күндіз +32…+34.

Түркістан – өткінші жаңбыр, найзағай, жел, құмды дауыл. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде +19…+21, күндіз +31…+33.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +18…+20, күндіз +31…+33.

Өскемен – жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 7–12 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Түнде +15…+17, күндіз +29…+31.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети