Қазақстанда Жеңістің 70 жылдығына арналған пошта маркалары шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда Жеңістің 70 жылдығына арналған пошта маркалары шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, үш маркадан тұратын пошталық блок қолданысқа енгізілді. "Естелік және мерейтойлық даталар" сериясындағы әрбір марканың құны - 200 тенге. Маркаларда Рақымжан Қошқарбаев (Халық Қаһарманы), Мәншүк Мәметова (Кеңес Одағының Батыры), Иван Панфилов (Кеңес Одағының Батыры) бейнеленген.
"Марка офсеттік тәсілмен 4 түрлі бояумен орындалған, блок өлшемі 78 х 108 миллиметр, маркалардың өлшемі 26 х 36 миллиметр. Таралымы - 15 мың дана. Дизайнды жасаған суретші - Қуат Ибрайшин", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банктің ҰОС ардагерлеріне күміс монеталарды табыстағаны хабарланған болатын. "Ұлы Жеңіске 70 жыл" монетасы 7 мың тиражбен шыққан. Монета "proof" сапасында күмістің 925-ші сынамасынан жасалған. Дизайн авторлары - ҚР ҰБ қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесінің кеңесшісі Виктор Ивженко мен департаменттің бас дизайнер маманы Алмат Бәсенов.